Банктік шоттар (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда:
– салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешекті өтемеген;
– салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарлама орындалмаған;
– салық органының лауазымды адамдарының осы Кодексте белгіленген салықтық тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа, олар салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге және зерттеп-қарауға жіберілмеген;
– камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама орындалмаған;
– дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама орындалмаған;
– тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарлама орындалмаған жағдайларда жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1248171?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау