Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Н.Мережепов төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселе енгізілді:
- Келес аудандық мәслихатының 2018 жылдың 21 қарашасындағы №6-43-VI «Жер комиссиясын құрудың кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына қайта мүше сайлау туралы.
- 3.Келес аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазанындағы «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» №5-30-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Келес аудандық мәслихатының 2018 жылдың 24 желтоқсандағы Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» №8-61-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles/press/news/details/1248553?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау