КӨП ЖЫЛДАР БОЙЫ ӨЗЕКТІ БОЛҒАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауылымызда көп жылдан бері тұрғындарды алаңдатып келген басты мәселелердің бірі — кешкі және қысқы уақыттарда электр қуатының әлсіз әрі тұрақсыз берілуі болатын.
Осы түйткілді шешу мақсатында аудан басшылығы мәселені назардан тыс қалдырмай, аудандық бюджет есебінен қаржы қарастырып, нақты жұмыстарды жүзеге асырды.
Жоба аясында жалпы құны 10 300 000 теңге болатын қаражат есебінен 52 тұрғын үйге жаңа электр желілері тартылып, ескі әрі тозығы жеткен ағаш электр бағаналары заманауи бетон бағаналарға толық ауыстырылды. Сонымен қатар әуе электр желілері жаңартылып, жүйе толықтай жаңғыртылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл ішіндегі электр қуатының сапасы жақсарып, бұрынғыдай әлсіздік пен үзілістер мәселесі шешімін тапты. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге электр энергиясы тұрақты әрі сапалы түрде берілуде.
Аталған маңызды істің жүзеге асуына қолдау көрсеткен аудан басшылығына және жұмысты ұйымдастыруға атсалысқан барлық азаматтарға ауыл тұрғындары атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-amanotkel/press/news/details/1248447?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version