Ауыл аумағындағы инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында екі көшеге көше жарығын орнату жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Жоба аясында көшелер заманауи жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етіліп, кешкі және түнгі уақытта тұрғындардың қауіпсіз әрі еркін жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды. Бұл өз кезегінде елді мекеннің көркін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасына оң әсерін тигізуде.
Аталған бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады. Сонымен қатар, келесі жылы да қосымша көшелерді жарықтандыру жұмыстары жоспарға енгізілуде.
Жобаны іске асыруға қолдау көрсеткен және атсалысқан азаматтарға алғыс білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-amanotkel/press/news/details/1248438?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау