«Конституция – құқықтар мен міндеттердің айнасы» атты кездесу өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жағатал ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарымен «Конституция – құқықтар мен міндеттердің айнасы» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында округ әкімі Конституцияның елдің негізгі Заңы ретіндегі рөліне тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ олардың заңмен белгіленген міндеттері туралы жан-жақты түсіндірме берді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1248814?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version