Маңғыстауда өңірдің табиғи байлығы қалай қорғалады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы – Каспий теңізі мен ұлан-ғайыр даласы тоғысқан бірегей өңір. Сондықтан аймақта экологиялық тепе-теңдікті сақтау және табиғи ресурстарды қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Каспий теңізі – сирек кездесетін балық түрлерінің табиғи мекені. Осы байлықты сақтау мақсатында құқық қорғау органдары браконьерлік фактілерінің алдын алу және жолын кесу бағытында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде. Бақылау теңіз айдынында ғана емес, құрлық аумағында да жүргізіледі.

Маңғыстау облысының кең байтақ даласы мен қыраттары ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен әуеден және жердегі патрульдік топтардың қатысуымен тұрақты бақылауда. Маңғыстау облысы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының табиғатты қорғау полициясы тобы өңірде экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.

Бөлім қызметкерлері заманауи техникалық құралдармен жабдықталған және анықталған құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етеді. Жыл басынан бері өңірде экологиялық заңнаманы бұзудың 22 дерегі тіркеліп, 510 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шаралар барысында 30 ақбөкеннің ұшасы, 14 мүйізі, 4 қарақұйрықтың ұшасы, сондай-ақ 425 келіден астам бекіре тұқымдас балық пен шамамен 10 келі қара уылдырық тәркіленді.

Мамандардың айтуынша, аталған шаралар табиғи ресурстарды сақтауға және өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Каспий теңізі мен Маңғыстаудың ұлан-ғайыр даласы – еліміздің баға жетпес табиғи байлығы. Оны қорғау – құқық қорғау органдары мен қоғамның ортақ міндеті.

https://www.instagram.com/reel/DZ-TbKBsrMM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1248666?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version