2026 жылғы 29 маусымда Ақтау қаласындағы «Достық» үйінде «Жасанды интеллектіні оқыту мен білім беру процесіне енгізу, институционалдық құзыреттерді дамыту және білім беру жүйесіне AI, 5G және AIoT технологияларын енгізудің негізгі қағидалары» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
Іс-шара Қазақстанда жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, әлемдік білім беру көшбасшыларының бірі – Singapore Polytechnic International (SPI) ұйымымен бірлескен жобаның бастамасы болды. Жоба білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізумен қатар, өндіріс пен экономиканың цифрлық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Шара барысында Singapore Polytechnic сарапшылары жасанды интеллект (AI), 5G және AIoT технологияларын білім беру процесіне енгізудің озық тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарын таныстырды.
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі Маңғыстау облысы білім басқармасының қолдауымен аталған халықаралық жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асырып, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің цифрлық әлеуетін дамытуға үлес қоспақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-mangystau/press/news/details/1249958?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау