Жас ұрпақтың мамандық таңдау, оларды еңбекқорлыққа баулу мақсатында мектеп оқушылары үшін «Қызылқұм» жеріндегі егін алқаптарына арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Бұл шараның негізгі мақсаты-жастардың санасында тек дәстүрлі өндіріс немесе қызмет көрсету салалары ғана емес, сонымен бірге заманауи ауыл шаруашылығының да зор әлеуетке ие, табысты әрі беделді мамандық көзі бола алатынын түсіндіру, аграрлық секторға деген қызығушылықтарын ояту болды.
Сапар барысында оқушылар аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі «Еңбек» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен жақыннан танысып, дала жұмыстарының қыр-сырына қанықты.
Қожалық иесі, тәжірибелі диқан Алтыбай Базаров мектеп оқушыларын өзінің жайқалған егіс алқабында қарсы алып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды өз аузымен баяндап берді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1249307?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау