“Мемлекеттік қызметкерлер күні”

Жарияланды:

Автор:

категорияда
23 маусым “Мемлекеттік қызметшілер күні” аудандық мәдениет үйінде ел дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Мемлекеттік қызмет – халыққа адал қызмет етудің, жауапкершілік пен кәсібиліктің айқын үлгісі. Салтанатты жиында құттықтау сөз Ақсу ауданының әкімі Тынышбаев Берік Тынышбайұлына беріліп, өз қызметінде жоғары нәтижелер көрсеткен бірқатар азаматтар марапатталды.
Осы мерекелік жиында Ақсу ауданы Арасан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Базарбай Сара Айдынқызы “Алғыс хат” алды. Жас та болса өте білікті маман. Зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс, қызметіңізге абырой мен биік жетістіктер тілеймін. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-arasan/press/news/details/1248179?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version