Аудан орталығындағы мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні және Полиция қызметшілері күніне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті.
Айтулы шарада аудан әкімі М.Мұхтаров құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласында аянбай еңбек етіп жүрген мамандарды, сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты сәтте ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің «Құрмет» грамоталарын табыс етті.
Сонымен қатар, аудан басшысы ел ісінде белсенділік танытып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына арнайы құрмет көрсетіп, үлгілі ұрпақ тәрбиелегені үшін өзінің шынайы алғысын білдірді.
Мерекелік марапаттау рәсімі аясында аудан әкімінің Алғыс хаттарын дербес табыстау үшін сахнаға аудандық мәслихат төрағасы С.Социал шақырылып, иелеріне салтанатты түрде табыс етті.
Ресми бөлімнен кейін шара қонақтары мен қатысушылары үшін ауданымыздың мәдениет саласы өнерпаздары дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1249592?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау