Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың жаңа құралдары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 1395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 24 – 26 маусым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың жаңа құралдары» тақырыбына Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.   

      Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сервистік моделін құруда адамға бағытталған тәсілді дамыту.

     Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

     Семинар тыңдаушылары үшін Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:

     – Айымгуль  Кайратовна   Тургумбаева  – Комитеттің Цифрландыру департаменті  «Байланыс орталығы» басқармасы басшысының орынбасары;

     – Гульжанат Жоламановна Жакаева – Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы  басшысының орынбасары;

     – Анар Нурлубековна  Есполова – Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы  басшысының орынбасары;

    – Айгуль Дарбаевна Батырбекова – Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас сарапшысы;

     – Жанат Каркенқызы Айсекенова – Комитеттің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас сарапшысы қатысты.

      Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

     Іс-шара қорытындысы бойынша 206 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттар алды.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1249836?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version