Меркі ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында түнгі уақытта арнайы өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу Меркі ауылындағы Құрманбек Жандарбеков атындағы балалар өнер мектебінің ғимараты базасында ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары: Түнгі уақытта өртке жедел ден қою қабілетін арттыру. Өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын тиімді пайдалану дағдыларын пысықтау. Шартты өрт кезінде адамдарды құтқару және қауіпсіз эвакуациялау дағдыларын жетілдіру. Іс-шара барысында өрт сөндірушілер шартты өрт ошағын жою, күштер мен құралдарды үйлестіру, жауынгерлік қапталды жаю және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша міндеттерді орындауда жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1249234?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version