«Мобильді академия»: полиция басшыларына арналған оқу курсы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Түркістан облысында полиция басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқу курсы ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылып жатқан “Мобильді академия” жобасы аясында Түркістан облысы полиция департаментінде “Бөлімшелер басшыларының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру” тақырыбында бес күндік біліктілікті арттыру курсы өтті.

Оқу бағдарламасына Түркістан облысы полиция департаменті аппаратының басқарма басшылары, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің басшылары қатысты. Курс барысында қатысушылардың басқарушылық құзыреттерін дамытуға ерекше назар аударылды.

Тыңдаушылар көшбасшылық қабілеттерді жетілдіру, персоналды тиімді басқару, қызметтік тәртіпті нығайту, заманауи басқару тәсілдерін қолдану және құқық қорғау органдары қызметіндегі өзекті өзгерістер бойынша дәрістер тыңдап, тәжірибелік сабақтарға қатысты. Сонымен қатар қызметтік міндеттерді тиімді ұйымдастыру, басқарушылық шешімдер қабылдау және кәсіби дағдыларды жетілдіруге бағытталған интерактивті тренингтер өткізілді.

Оқу курсының қорытындысында бағдарламаны сәтті аяқтаған тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының сертификаттары табысталды. Аталған курс полиция басшыларының кәсіби даярлығын жетілдіруге, басқару мәдениетін нығайтуға және ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды білім беру алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1248981?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version