Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мамандарының қадағалауымен «Марганец Жайрема» ЖШС-нің «Үшқатын-3» кен орнында арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Мемлекеттік инспектордың қатысуымен ұйымдастырылған бұл жиын «Жанар-жағармай материалдары орталық қоймасындағы өрт» тақырыбына арналды. Жаттығу барысында қызметкерлерді эвакуациялау, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету, жедел қызметтерді шақыру және жалынның одан әрі таралуына тосқауыл қою бойынша іс-қимылдар пысықталды. Аталған жұмыстың басты мақсаты – төтенше жағдай туындаған кезде персоналдың әрекет ету дағдысын шыңдау, авариялық-құтқару бөлімшелерімен өзара іс-қимылды үйлестіру және өндірістік нысанның қауіпсіздікке дайындығын арттыру.
Практикалық сабақтардың қорытындысы бойынша қатысушылардың кәсіби деңгейіне оң баға беріліп, өндірістік қауіпсіздікті одан әрі күшейтуге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1248120?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау