Осы аптада ауданымыздағы білім беру ұйымдарының ата-аналарымен кездесу өткіздім. Кездесуге аудан прокуратурасының прокуроры А. Жарылқап, КТІ жөніндегі аға полиция учаскелік инспекторы Д. Абишев, төтенше жағдайлар бөлімінің маманы М. Гросс қатысып, өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайлардың болдырмау, суға шомылу және жол қозғалысы қауіпсіздігі, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, еңбекпен қамту, сондай-ақ оқу жылының қорытындылары мәселелері кеңінен талқыланды.
Әсіресе, жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернет қауіпсіздігі мен ата-ана бақылауының маңыздылығына ерекше тоқталдық. Баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік екенін атап өттім.
Кездесу соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Осындай ашық форматтағы кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1250064?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау