«Павлодарэнерго» АҚ-да жасанды интеллект технологияларын пайдаланумен байланысты кибер алаяқтыққа, дропперлікке және Тәуекелге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша еңбек ұжымымен профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шара барысында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен полиция департаментінің өкілдері интернет-алаяқтықтың неғұрлым кең таралған схемалары, азаматтарды дроппер ретінде құқыққа қарсы қызметке тарту тәсілдері туралы айтып, жасанды интеллектті қылмыстық мақсаттарда пайдалануға байланысты тәуекелдерді түсіндірді.
Спикерлер қатысушыларды қаржылық операцияларды жүргізу кезінде қырағылық танытуға, өздерінің банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге және тез табыс табу туралы күмәнді ұсыныстарға келіспеуге шақырды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1249587?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау