Ағымдағы жылдың 25 маусымда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Қ.Иманғалиев PetroHSE 2026 конференциясына қатысып, «Еңбекті қорғау саласындағы типтік бұзушылықтарды талдау компанияларға өндірістік жарақаттанудың алдын алу және оны төмендету бойынша тиімді құралдарды қалыптастыруға қалай ықпал етеді?» тақырыбындағы сессияда баяндама жасады.
Өз сөзінде Қ.К.Иманғалиев еңбекті қорғау саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – кәсіптік тәуекелдерді бағалау екендігін атап өтті. Кәсіптік тәуекелдерді бағалау өндірістегі қауіпті факторларды уақтылы анықтауға, тәуекел деңгейін бағалауға және олардың алдын алу бойынша тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, еңбекті қорғау талаптарының типтік бұзушылықтарын талдау кәсіпорындардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіруге, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге ықпал ететіні айтылды. Конференция барысында қатысушылар өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша заманауи тәсілдер мен үздік тәжірибелерді талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1248698?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау