Прокуратура мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қызылорда облысының Арал ауданы прокуратурасыменденсаулық сақтау саласына жүргізілген талдау барысында мүгедектігібар азаматтарға медициналық көмек көрсетуде бірқатар заңбұзушылықтары анықталды.

​Атап айтқанда, бейінді мамандармен созылмалы аурулары бар азаматтарды жоспарлы қарап-тексеру талаптары сақталмаған. ​Нәтижесінде 264 мүгедектігі бар азаматқа (оның ішінде 81 кәмелеткетолмағанға) тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген.

​Сонымен қатар, аудан бойынша ангиохирург маманыныңболмауына байланысты 38 азамат қажетті медициналық қарауданөтпеген.

​Аталған фактілер мүгедектігі бар азаматтардың тегінмедициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарыныңбұзылуына әкеп соққан.

​Прокурорлық қадағалау актісі бойынша тиісті шараларқабылданып, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.

​Азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтыңсақталуы прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1249996?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version