Қарағандыда әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және қолжетімді орта мәселелері бойынша ашық есік күні өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Гүлнәр Ахмолдинаның қатысуымен ашық есік күні ұйымдастырылады.

Іс-шара барысында өңірдің мүмкіндігі шектеулі тұрғындары әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес алып, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мәселелерін талқылай алады. Кездесуде жолдардың, қоғамдық көліктің, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Әрбір қатысушы өз сауалдарын қойып, мемлекеттік қолдаудың өзекті шаралары бойынша жан-жақты түсіндірме ала алады.

Күні: 1 шілде.

Уақыты: 10:00.

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709 (азаматтарды қабылдау алаңы).

Іс-шара Қарағанды облысы әкімдігінің және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1249359?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version