Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершілік
Ағымдағы жылдың 23 маусым күні Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бірлескен жоспары және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Антисон-2026» ауқымды акциясы өтті.
Аталған акцияға орталықтың мамандары, Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, белсенді волонтерлер қатысты.
Аталған акция барысында трасса бойында орталық мамандары, волонтерлер мен қызметкерлер жүргізушілерге ақпараттық парақшалар таратып, автокөлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және ұзақ жолдағы шаршау мен ұйқышылдықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1248894?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау