ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша әуежайлар аумағында коммерциялық қызметті жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Кәсіпкерлердің жалдау алаңдарына қолжетімділігі енді бірыңғай конкурстық шарттармен реттеледі.
Мұндай шараларға қажеттілік Астана қаласында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижесінде анықталды.
Жоғары аудиторлық палата тексеру қорытындысы бойынша Көлік министрлігіне әуежайдың (әуеайлақ) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларына өзгерістер енгізуді тапсырды. Атап айтқанда, қоғамдық тамақтану объектілері мен азық-түлік сату және багажды орау автоматтары үшін жалға берілетін алаңдардың тек конкурстық негізде берілуін бекітуді тапсырылды.
Конкурстық іріктеу барлық жалға алушы үшін тең жағдай жасап, қызмет көрсетушілерді негізсіз таңдау тәуекелдерін азайтады және әуежайлардың мүлкін пайдалану тиімділігін арттырады. Сонымен қатар ең тиімді ұсыныстарды таңдау әуежайлардың жалға беруден түсетін меншікті кірістерін арттырады.
Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның басқа да тапсырмалары мен ұсынымдарының орындалуы бақылауда болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1248567?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау