Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-білім беру бағытындағы ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері мен оқырмандары Түркияның Ризе және Трабзон қалаларындағы кітапханаларда кәсіби тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында қатысушылар өңірдегі кітапханалар мен білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен танысып, тарихи-мәдени нысандарды аралады. Бағдарлама аясында олар кәсіби біліктілігін арттырып, тіл үйрену дағдысын жетілдіріп, әріптестік ынтымақтастықты дамыта түсті.
Тағылымдама қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркияның кітапханалары кәсіби әріптестікті одан әрі нығайтуға, тәжірибе алмасу аясын кеңейтуге және мәдени-білім беру бағытындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1249720?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау