Қазақстан Республикасы Полиция күні!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Полиция қызметі – қоғамдағы ең жауапты әрі абыройлы мамандықтардың бірі. Сіздер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Ел тыныштығы мен халықтың қауіпсіздігін сақтау жолындағы адал қызметтеріңіз зор құрметке лайық.

Бүгінде Ақжайық ауданында 89 полиция қызметкері өздерінің кәсіби міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда.

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздегі құқықтық мемлекетті нығайтудың маңызды негізіне айналды. Осы бағытта полиция қызметкерлеріне жүктелер міндет ерекше. Сіздер заңның үстемдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға қызмет етіп келесіздер.

Қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – елдің тұрақты дамуының басты кепілдерінің бірі. Сондықтан полиция қызметкерлерінің кәсібилігі, батылдығы, әділдігі мен адалдығы әрдайым жоғары бағаланады.

Құрметті полиция қызметкерлері!

Сіздердің табанды еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен Отан алдындағы адал қызметтеріңіз ел қауіпсіздігін нығайтуға және қоғамдық тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып келеді. Қызмет барысында көрсеткен ерліктеріңіз бен жанқиярлық еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, қызметтеріңізге толағай табыс пен абырой тілеймін! Еліміздің тыныштығы мен халқымыздың қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!

Қазақстан Республикасы Полиция күні құтты болсын!

Құрметпен,
Ақжайық ауданының әкімі
М.Сердалин

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1250255?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version