«IT экспортын айтатын болсақ, бұл экономикамыздың өте маңызды бөлігі. 2025 жылы IT экспортының көлемі $1,1 млрд-қа жетті. Бұл жақсы нәтиже деп айтуға болады. Мысалы өткен жылдармен салыстыратын болсақ, 2024 жылы бұл көрсеткіш $690 млн болды. Яғни, бір жылдың ішінде 60%-ға өсті»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің деректері бойынша, Қазақстандық IT-компаниялар жаһандық нарықта табысты бәсекеге түсіп, елімізге валюталық түсім әкеліп қана қоймай, жоғары жалақы төленетін жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде. Мұндай нәтижелер цифрлық экономиканы дамыту, технологиялық кәсіпкерлік үшін қолайлы орта қалыптастыру және білікті кадрлар даярлауға бағытталған орнықты мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болды. Үкімет цифрлық экономиканы дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау және отандық IT-индустрияның одан әрі өсуі үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1248700?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау