«ҚАЗЫНАЛЫ КАСПИЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
2026 жылдың17 маусым күні Атырау облысында Каспий өңірінің мәдениеті мен балық шаруашылығы дәстүрлерін дәріптеуге арналған Халықаралық «Қазыналы Каспий» балық фестивалі өткізілді.
Ауқымды іс-шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, жергілікті өнімдерді тантуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік берді. Фестиваль аясында балық өнімдерінің көрмесі, ұлттық тағамдар жәрменкесі, мәдени-көпшілік бағдарламалар мен түрлі танымдық шаралар ұйымдастырылды.
Аталған іш-шараға Атырау облысы ойынша тіркелген географиялық нұсқаманың құқық иеленушісі – «Амангелді атындағы» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі қатысып, келушілерге өңірлік ерекшелігі бар өнімдерін таныстырды. Кәсіпорын өз таурларын көпшілік назарына ұсынып олардың сапалық артықшылықтары мен бірегей қасиеттері туралы ақпарат берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1249275?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау