ҚР ДСМ Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасымен №210-НҚ/206-НҚ 16.06./17.06.2026жж. «Маңғыстау өңірінде инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша облыстық семинар-кеңес өткізу туралы» бірлескен бұйрығы аясында, онлайн форматта облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық – семинар кеңесте «ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «2026 жылға арналған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамассыз ету мәселелері бойынша өңірлерге ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету туралы» іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында анықталған кемшіліктермен жұмыс жасау» тақырыбында Алданова Асел Оразқызы (ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы инфекциялық аурулардың алдын алу басқармасы инфекцияның және инфекциялық бақылаудың алдын алу және дезинфектология бөлімінің эпидемиолог дәрігері) баяндама жасады.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің «Ауруханаішілік жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық бақылау» бөлімінің басшысы Ж.Ж. Тилеубергенова  және Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының эпидемиологы Ә.Б. Айдарбаева облыстағы медицина ұйымдарындағы инфекциялық бақылау жүйесі, инфекциялық бақылаудың тиімді құралдары және атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалар жасалды. Барлығы: 32 денсаулық сақтау ұйымдары қатысты және семинар соңында медицина қызметкерлері сұрақтар қойылып, тәжірибелік білімдерімен бөлісті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1249455?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version