Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен Zoom платформасы арқылы құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен адвокаттар мен заң консультанттарының сұрау салуларын қарау кезінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында адвокаттар мен заң консультанттарының сұрау салуларын қарау тәртібі мен мерзімдерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 668-бабында көзделген жауапкершілік түсіндірілді.
Қатысушыларға соңғы төрт жылда анықталған құқық бұзушылықтар бойынша статистикалық мәліметтер ұсынылып, келіп түсетін сұрау салулар мен өтініштерді уақытылы, толық әрі сапалы қарауды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1247930?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version