Құрметті Май ауданының балалары, ата-аналары және педагог қауымы!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балалар – біздің болашағымыздың жарқын кепілі, ең қымбат қазынамыз. Олардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы, қауіпсіз әрі бақытты ортада өсуі – баршамыздың басты міндетіміз.

Бүгінде Май ауданында 2500-ге жуық бала тәрбиеленіп, білім алуда. Оның ішінде 787 мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер болса, 1531-і мектеп оқушылары, ал қалғаны арнаулы және жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студент жастар. Бұл – ауданымыздың ертеңі мен ел болашағына үлес қосатын үлкен күш.

Қымбатты балалар! Сіздерге мықты денсаулық, жарқын болашақ, білім мен өнер жолында толағай табыстар тілеймін. Армандарыңыз орындалып, биік белестерді бағындыра беріңіздер. Әр күндеріңіз қуанышқа, жаңа жетістіктерге толы болсын!
Ата-аналар мен ұстаздарға жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектері үшін алғысымды білдіремін. Балалардың күлкісі әр шаңырақтан естіліп, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1250070?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version