26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қала тұрғындары үшін профилактикалық акция ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің заңсыз айналымына қарсы қоғамдық төзбеушілік қалыптастыру және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту. Акция барысында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Тоқтыбаев сөз сөйлеп, есірткіге қарсы күресте мемлекеттік органдардың, қоғам мен жастардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Іс-шара аясында есірткіге қарсы профилактикаға үлес қосқан белсенді азаматтар марапатталды. Сондай-ақ, журналистер арасындағы байқау жеңімпаздары, үздік профилактикалық жұмыстарға қатысушылар және қоғам белсенділері арнайы атап өтілді. Кеш барысында өнер ұжымдары, жергілікті өнерпаздар және қазақстандық эстрада жұлдызы Досбол Нұрылла өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында викториналық байқаулар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. 🤝 Есірткіге қарсы күрес – баршаға ортақ міндет! Салауатты өмір салтын бірге қолдайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1249204?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау