Рахат ауылдық округіне қарасты Рахат ауылында «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекіткен жоба аясында автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарының сапасын және жобалық шешімдердің сақталуын бақылау мақсатында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Сарсенбиевбен барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстым.
Тексеру қорытындысы бойынша мердігер ұйымға жұмыстарды сапалы орындау, жобалық-сметалық құжаттаманың талаптарын қатаң сақтау және бекітілген техникалық талаптардан ауытқуға жол бермеу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты жұмыстар толық аяқталғанға дейін олардың орындалу барысы мен сапасына тұрақты бақылау жүргізетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1249466?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау