«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 29 маусымында «Қазпошта» АҚ сұрыптау цехының қызметкерлеріне Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру бойынша дәріс өткізді.
🔹 2026 жылғы Конституцияда алғаш рет зияткерлік меншікті қорғау конституциялық деңгейде бекітілді. Енді зияткерлік меншік жекелеген заңдар аясында ғана емес, сонымен қатар Конституциямен де ерекше мемлекеттік қорғауға алынады. Бұл ғылымның, мәдениеттің және инновациялардың дамуына анағұрлым сенімді жағдай жасап, ғылым мен бизнестің ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ ғалымдар, авторлар мен инвесторлар үшін тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді.
🔹 Енгізілетін жаңашылдықтардың бірі – құқық қорғау органдарының азамат ұсталған сәтте оның құқықтарын міндетті түрде түсіндіруі. Бұл бірқатар шетел мемлекеттерінде қолданылатын «Миранда қағидасына» ұқсас норма болып табылады.
Ұсталған адамға ұсталу негіздері хабарланып, үндемеуге құқығы, адвокаттың көмегін алу құқығы және телефон арқылы қоңырау шалу мүмкіндігі түсіндірілуі тиіс.
Сонымен қатар, адвокаттардың мәртебесі Конституция деңгейінде бекітіледі. Сарапшылардың пікірінше, бұл азаматтардың құқықтық қорғалу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
🔹 Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны жан-жақты сараптамадан өткен, инновациялық әрі кәсіби тұрғыда дайындалған құжат деп бағалайды. Ол конституциялық құрылыстың озық әлемдік тәжірибелерін қамтып, адам құқықтары мен ұлттық мүдделерді қорғауға толықтай бағытталған.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз кызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1249805?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау