«Салауатты жұмыс орындары» жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 маусымда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Қамқор вагон» ЖШС инженерлік-техникалық қызметкерлері арасында «Салауатты жұмыс орындары» жобасы, «e-sen» бағдарламасы және өндірістік бақылауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қалыптастыру, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, ұйымдағы психоәлеуметтік ортаны жақсарту және жұмысшылар денсаулығын нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушылардың «e-sen» бағдарламасы мен өндірістік бақылау талаптарына қатысты сұрақтарына жауап беріліп, туберкулез бен жіті ішек инфекцияларының алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1248031?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version