Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қызметкерлердің ата-аналары құрметті қонақ ретінде шақырылды. Шара барысында мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызы мен жауапкершілігі туралы айтылып, отбасы тәрбиесі мен ата-ананың еңбегі ерекше атап өтілді. Мерекелік шара аясында бірқатар қызметкерлерге кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін төсбелгілер мен Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, саналы ұрпақ тәрбиелеп, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарды өсіргені үшін қызметкерлердің аналарына Алғыс хаттар беріліп, құрмет көрсетілді. Іс-шара жылы лебіздерге, ізгі тілектерге толы болып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1248314?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау