САУРАН АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының, аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасы, мал ұрлығының алдын алу және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының барысы, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Алғашқы мәселе бойынша Сауран аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Данияр Түймебаев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Ғани Әметбеков баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабарлады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында Данияр Түймебаев және ветеринариялық қызмет өкілдері мал ұрлығының алдын алу шаралары мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының жай-күйі туралы баяндады. Баяндамалар барысында мал басын есепке алу және бірдейлендіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Дауырхан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Отырыс барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары барлық жауапты мекемелердің үйлесімді іс-қимылын талап ететін маңызды бағыт екенін атап өтті.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1249367?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version