САУРАНДА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫЛЫМЫ ДЕПУТАТТАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран аудандық мәслихатының кезекті сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымын аудандық мәслихат депутаттарына салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Сауран аудандық мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Салтанатты рәсімде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров сөз сөйлеп, Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізін айқындайтын, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің, заң үстемдігі мен әділеттіліктің берік тұғыры екенін атап өтті.
Аудан әкімі аудандық мәслихат депутаттарының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылықтың сақталуына және мемлекеттік саясаттың жергілікті деңгейде тиімді іске асырылуына қосып жүрген үлесін жоғары бағалап, депутаттарға Конституцияның жаңа басылымын табыстады.
Өз кезегінде аудандық мәслихаттың төрағасы Сержан Байсбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы, елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Конституцияның 11 бөлім мен 96 баптан тұратынын айтып, оның әрбір мемлекеттік қызметші мен депутаттың қызметіндегі негізгі құқықтық бағдар екенін жеткізді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1249401?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version