САУРАНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
 
Сауран ауданында 23 маусым – Қазақстан Республикасы Полиция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Алмат Абидинов құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ішкі істер саласының ардагерлері және сала өкілдері қатысты.
Мерекелік жиында аудан әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегіне жоғары баға берді. Өз сөзінде полиция қызметкерлері заң мен тәртіптің сақшысы ретінде қоғам тыныштығы мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндет атқарып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруда құқық қорғау органдарының рөлі ерекше екеніне тоқталды.
Жиын барысында Сауран аудандық полиция бөлімінің ағымдағы жылдың алғашқы алты айында атқарған жұмыстары қорытындыланып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін сақтау және қылмыстың ашылуын арттыру бағытында жүзеге асырылған шаралар баяндалды.
Салтанатты шарада қызметтік міндетін адал атқарып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан бірқатар полиция қызметкерлері марапатталды. Оларға аудан әкімінің Алғыс хаттары мен арнайы марапаттары табысталып, көп жылғы еңбектері мен кәсіби жетістіктері үшін құрмет көрсетілді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1249396?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version