ШАУҒАР ТҰРҒЫНДАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Шауғар секторы тұрғындарымен еркін форматта кездесті.
Кездесуде атқарылған жұмыстар, инфрақұрылым жобалары мен алдағы жоспарлар таныстырылып, тұрғындардың ұсыныстары тыңдалды. Өткен кездесуде көтерілген 17 мәселенің 7-уі шешіліп, 9-ына түсіндірме берілген, 1-еуі орындалу үстінде.
Сектор аумағында 49 863 тұрғын, 9 378 үй, 177 көше және әлеуметтік нысандар бар.
Ауыз су бойынша 14 көшенің желісі «Түркістан-Су» теңгеріміне берілді. Қосымша 5 көшеге су тарту жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылған.
Электрмен қамтуға арналған 1,6 млрд теңгелік жоба ұсынылып, 3,7 шақырым желі жүргізілді. Газдандыру бойынша 243 абонентті қамтитын жобаға оң қорытынды алынған.
Абаттандыру аясында аулалар реттеліп, спорт және ойын алаңдары салынды. Қазіргі таңда жаңа алаң құрылысы жалғасуда.
Кәріз жүйесі бойынша 7 нысан салынып жатыр. Шауғардағы жоба 8 625 абонентті қамтиды, кей көшелерде жұмыстар 2027 жылға жоспарланған.
Жолдардың 34,4 пайызы асфальтталған. Биыл 78 көшеге асфальт төселіп, көрсеткіш 60 пайызға жетеді. Абылай хан көшесінде жаяу жүргіншілер көпірі салынып жатыр.
Кездесу соңында қала әкімі тұрғындар көтерген барлық мәселе мен ұсыныстың бақылауға алынып, олардың кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1248258?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version