ШҚО бойынша МКД-де «Халық бухгалтері» акциясының қатысушылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Салық заңнамасын түсіндіру» тақырыбында Ашық есік күні өтті.

Іс-шараға ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, салық төлеушілер, консалтингтік компаниялардың өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, блогерлер және қоғам қайраткерлері қатысты.

Іс-шара барысында «Халық бухгалтері» акциясының қорытындылары шығарылып, оның қатысушылары, сондай-ақ халықтың салықтық және кедендік сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды.

Семинар аясында қатысушыларға мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, акцизделетін өнімдерді лицензиялау тәртібі, салықтарды төлеу мерзімдеріндегі өзгерістер, салық міндеттемелері бойынша кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндіктері, сондай-ақ шектеулі мүлікті сауда-саттық арқылы өткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынылды.

Анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламаларды орындау тәртібі мен камералдық бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, салық заңнамасы мен салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері бойынша мамандардан түсіндірмелер алды.

Ашық есік күнін өткізу мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы ашық диалог үшін тиімді алаңға айналып, халықтың құқықтық және салықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1250148?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version