Шығыс Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды. Департамент басшысы А.С. Құсатаева құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілер еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік қызметтің беделін арттырудың мәніне тоқталды.
Салтанатты жиында жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін Комитеттің Құрмет грамоталары басшының орынбасары Д.М. Қалжировқа және бас маман Л.С. Дүйсенбековаға табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/1249113?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау