ШҚО ПД айдауыл қызметі кәсіби дағдыларын жетілдіруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ПД айдауыл қызметі кәсіби дағдыларын жетілдіруде

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Кезекті оқу-жаттығу сабақтары ШҚО ПД айдауыл қызметі бөлімшесінің жеке құрамымен өткізілді.

Дайындықтың негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау және қызметтік міндеттерді сапалы орындау үшін қызметкерлердің кәсіби дайындығын жоғары деңгейге көтеру.

Сабақ барысында полиция қызметкерлері атыс, дене, саптық, арнайы және кәсіби қызметтік даярлық бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдірді. Ерекше назар ұсталғандар мен сотталғандарды айдап әкету кезінде әрекет ету алгоритмдерін пысықтауға, қызметкерлердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше және штаттан тыс жағдайларда дұрыс әрекет етуге аударылды.

Қызметкерлер өзін-өзі қорғау және ұстау тәсілдерін пысықтап, табельдік қарумен жұмыс істеу машықтарын жетілдірді, дене дайындығы мен құқықтық сауаттылық деңгейін арттырды. Сонымен қатар қызметтік тәртіп, кәсіби әдеп және психологиялық тұрақтылық мәселелері қарастырылды.

Айта кету керек, жыл басынан бері Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері түрлі бағыттар бойынша 800-ден астам оқу сабағын ұйымдастырды.

Мұндай жұмыстар жеке құрамның кәсіби деңгейін жоғары деңгейде сақтауға және полиция қызметкерлерінің кез келген жағдайда қызметтік міндеттерін тиімді орындауға дайын болуына мүмкіндік береді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1248202?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version