“Speaking Club” форматындағы ағылшын тілі курсы өз мәресіне жетті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасы мен облыс әкімі аппараты және Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуға бағытталған жол картасының 20-тармағы аясында өткен “Speaking Club” форматындағы ағылшын тілі курсы өз мәресіне жетті.

📚 Курс соңында қатысушылардың білім деңгейін бағалау мақсатында қорытынды тест тапсырылып, нәтижелі аяқтаған тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

🎓 Бұл курс мемлекеттік қызметкерлердің ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге және кәсіби ортада тілдік құзыреттерін дамытуға мүмкіндік берді.

📌 Алдағы уақытта да осындай білім беру шаралары өз жалғасын табады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1249638?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version