Судағы қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар мен демалушылар арасында судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында азаматтарға рұқсат етілмеген орындарда суға шомылудың адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті екендігі түсіндіріліп, судағы қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларды су айдындары маңында қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Мамандардың айтуынша, балалардың қауіпсіздігі – ең алдымен ересектердің жауапкершілігі. Төтенше жағдайлар қызметкерлері суға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылу қажеттігін атап өтті.

Жамблыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1249249?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version