Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 маусымда Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында басқарма мамандарына арналған семинар өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы №279-НҚ бұйрығына сәйкес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі мен оларды сақтау мерзімдері бойынша ақпарат берілді. Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер туралы хабардарлығын арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1247966?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version