Т. Рысқұлов ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Т. Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы Қарақыстақ ауылында орналасқан Мәдениет үйінде арнайы оқу-жаттығу өткізді. Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның кәсіби дағдыларын шыңдау және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдардың үйлесімділігін жетілдіру. Оқу-жаттығу барысында мынадай негізгі міндеттер пысықталды: Оқиға орнына жедел жету және барлау жұмыстарын жүргізу; Күштер мен құралдарды тиімді орналастыру, сондай-ақ өртті сөндіру; Адамдарды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету; Командирлердің шешім қабылдау дағдыларын және жеке құрамның өзара іс-қимылын бағалау. Мұндай оқу-жаттығулар өрт сөндіру тактикасын жетілдіруде және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1249224?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version