Түнгі уақытта Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері құжаттарын тексеру мақсатында Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатуға әрекет жасады. Алайда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан қашып кетуге тырысты.
Қысқа уақытқа жол полициясы қызметкерлері жылдам әрекетінің арқасында тоқтатты. Тексеру барысында рөлде 55 жастағы жергілікті тұрғын отырғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысы оның көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғанын растады.
Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Жетісу облысының аумағында жыл басынан бері полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарудың 280 дерегін анықтап, жолын кесті.
Полиция қызметкерлері мас жүргізушінің өзі үшін ғана емес, айналасындағы адамдар үшін де үлкен қауіп төндіретінін ескертеді. Көлікті мас күйде басқару ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып қала береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1248594?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау