Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Жібек жолы көшесінің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға өрттің алдын алу шаралары, тұрмыстық электр және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, ашық отты қолдану кезіндегі сақтық талаптары, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылып, азаматтарға рұқсат етілмеген орындарда суға түспеу, балаларды су айдындары маңында қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1249254?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау