Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін тасымалдаушы немесе жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін адам тауарларды келу орнына немесе Салық Кодексінің 30-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де жерлерге жеткізуге тиіс. Бұл ретте тауарлар орамасының бұзылуына, сондай-ақ салынған пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға, зақымдауға немесе ауыстыруға жол берілмейді.
Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін тауарларды келу орнына немесе Салық Кодексінің 30-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де жерлерге жеткізу үзілген, сондай-ақ егер су немесе әуе кемесі авария, еңсерілмейтін күш әсері не тауарларды жеткізуге, белгіленген орындарға тоқтауды немесе қонуды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар салдарынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына мәжбүрлі тоқтаған немесе қонған жағдайда, тасымалдаушы немесе жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізетін тұлға тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы мән-жайлар туралы және тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ көлік құралы зақымдалған кезде тауарларды апаруға немесе оларды жақын кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауды (тасуды) қамтамасыз етуге міндетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1248638?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау