“Таза Қазақстан” сервисі: қаланың абаттандыру мәселелерін шешуге арналған чат-бот туралы білесіз бе?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» сервисі

Абаттандыру мәселелері туралы енді тез әрі кезексіз хабарлауға болады:
Telegram — TazaQazBot
eGov Mobile → «Таза Қазақстан» бөлімі

Қандай мәселелерді жолдауға болады:

Рұқсатсыз қоқыс орындары
Тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытында шығармау
Көше жарығының істен шығуы
Жол жабындысының бұзылуы
Санитарлық жағдайдың нашарлығы

Өтініш беру тәртібі:

Мәселені фотоға түсіріңіз
Нақты мекенжайды немесе геолокацияны көрсетіңіз
Қысқаша сипаттама жазыңыз, Өтінішті жіберіңіз

Қалай жұмыс істейді:

Сіздің өтінішіңіз автоматты түрде жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Жауапты қызметтер мәселені жойып, орындалуы туралы фотоесеп ұсынады.

Қазақстан бойынша 45 000-нан астам өтініш қаралып, орындалды.

Таза әрі жайлы қала — бәрімізге ортақ іс

TazaQazBot Telegram желісінде қолжетімді
«Таза Қазақстан» — eGov Mobile қосымшасында.

Дереккөз: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет ресурсы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1248034?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version