«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 25 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментімен, облыстың заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Өскемен қаласының №3 бөлімінде «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
Іс-​шараның мақсаты — азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндіру және тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беру.
Акция барысында тұрғындар мұрагерлік пен алимент өндіру, тұтынушылардың құқығын қорғау, атқарушылық жазбаны рәсімдеу және интернет-алаяқтықтан сақтану сияқты өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, білікті мамандардан жауап алды. 
Іс-шара соңында Әділет департаментімен азаматтарға сауалнама жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1248904?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version