Құрметті ата-аналар!
Жылы мезгілдің басталуымен балалардың терезеден құлау қаупі артады. Ашық терезелер мен масаға қарсы торлар баланың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
⚠ Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
- Терезе маңына жиһаз қоймаңыз.
- Терезелерге арнайы бекіткіштер мен ашылуын шектейтін құрылғылар орнатыңыз.
- Масаға қарсы тордың баланың салмағын көтермейтінін және қорғаныс құралы емес екенін есте сақтаңыз.
- Балаларға терезе маңындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз.
Балаларыңызды қорғаңыз! Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1248146?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау